«Челсиді» жаңа маусымда кім жаттықтырады?
«Наполидің» бас бапкері лондондық клубқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі «Eurosport» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Челсидің» қожайыны Роман Абрамович италиялық бапкердің келісім шартындағы қызметін сатып алу бөліміне иек артып, 8 миллион еуро төлеуді жоспарлап отырған көрінеді. Маурицио Сарри Неапольдық клуб ұсынған жаңа құжатқа қол қойған жоқ.
Осы ретте тағы бір қызықты жайт. Антонио Конте дәл осы Сарридің орнын барады деген жаңалық шықты. Егер бұл ақпарат расталса, Абрамовичтің бірнеше миллионы қалтасында қалады деген сөз. Екі клуб өзара бапкер алмасады. Ең бастысы кім кімге және қанша қаражат төлейтінін анықтау қалады.
Еске салайық, Конте «Челсиге» 2016 жылы тағайындалып, клубты Англияның чемпионы қылды. Ал Сарри бірнеше жыл қатарынан «Наполимен» Италия чемпионы атану үшін талпынып жүр. Бірақ, «Ювентус» олардың жолын кес-кестеп келеді.