Межелі жерге жете алмай...
144 жолаушысы бар «Germanwings» әуекомпаниясына тиесілі «Airbus 320» ұшағы 2015 жылдың 24 наурыз күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған еді. Ұшақтың ішінде «Далкурд» командасының футболшылары да болуға тиіс-тұғын. Бірақ клуб басшылығы бірнеше сағат бұрын билеттерді түгелдей алмастырған екен. Сөйтіп, бір клуб түгелдей аман қалыпты. Дегенмен, әуе апаты футболды да айналып өтпегендігін тарих жақсы біледі. Соған байланысты футбол тарихындағы ең ірі 8 әуе апатын еске түсірмекпіз.
1. «Торино» трагедиясы
Бүгінде бұл команда Италия А сериясының ортан қол командасы болғанымен, бір кездері мемлекеттің ең бетке ұстар командасы еді. 1949 жылдың 4 мамырында, «Бенфикаға» қарсы ойын өткізіп, Туринге қайтпақшы болған. Бірақ, қатарынан бес мәрте ел чемпионы атанған ұлы командаға Туринді қайта көру жазбапты. Құрамында 18 футболшымен қоса, жаттықтырушылар, журналистер бар ұшақ апат болды. Бұл қайғылы жағдайдан Италия ұлттық құрамасы да зардап шекті. Себебі, Италия ұлттық құрамасының негізі құрамының 10 ойыншысы көз жұмды. Уругвайдағы әлем чемпионатында чемпион атағын қорғай алмады. Ал, марқұм болған футболшылар құрметіне «Ториноға» 1948/1949 маусымының чемпионы атағын берді.
2. «Манчестер Юнайтед» трагедиясы
Сербияда жершілікті «Црвена Звезданы» тізе бүктіріп Еуропа чемпиондары кубогінің(Чемпиондар Лигасы) жартылай финалына жолдама алған «Манчестер Юнайтед» футболшылары тамаша көңіл-күймен Манчестерге қарай аттанған болатын. Жанармай құю үшін ұшақ Мюнхенде тоқтауға мәжбүр болады. Кейін командир Джеймс Тейн ұшақты әуе жолына қосуға екі рет талпынғанымен, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс жасамауына байланысты бас тартуға мәжбүр болады. Бірақ, бұйрық бойынша орындалған үшінші талпыныста ауа-райы күрт өзгеріп, ұшақ әуеге толықтай көтерілмей-ақ апат болады.
67 адам бақилық болды. Оның 8-і «Манчестер Юнайтед» командасының футболшылары. Ал, атақты жаттықтырушы Мэтт Бэсби мен ағылшын футболының тарихындағы ең үздік футболшы атанатын Бобби Чарльтон аман қалып, 10 жылдан кейін әріптестеріне бұйырмай кеткен Еуропа чемпионы кубогін жеңіп алады.
3. Дания ұлттық құрамасының трагедиясы
Олимпиадаға қатысатын үш футболшы мен соңғы қорытынды тізімге енуге дәмелі жастар құрамасының 5 футболшысы апат болған ұшақта еді. Бірақ, ұлттық құрама намысын қорғасам деген жастардың ниеті орындалмай, ұшақ апатқа ұшырап, футболшылардың бәрі жан тапсырды. Ал, Дания ұлттық құрамасы жарыстан бас тартпай, Римде өткен Олимпиядада күміс жүлдеге қол жеткізді.
4. «Грин Кросс» трагедиясы
1961 жылдың 3 сәуір күні Чилидегі Лас-Ластимас тауының маңында «Douglas DS-3» ұшағы апатқа ұшырайды. Нәтижесінде 24 адам қаза табады. Чилилік «Грин Кросс» командасының 8 футболшысы, бас жаттықтырушысы, клуб басшылығының адамдары, ұшақ қызметкерлері, төрешілер. Чили кубогінің аясындағы кездесуден қайта оралған футболшылар екі ұшаққа бөлінген екен. Яғни, команданың жартысы аман да, жартысы, бас жаттықтырушысымен қоса жан тапсырды. Ұшақ апатының себебі әлі күнге белгісіз.
5. «Стронгест» трагедиясы
Тағы да Оңтүстік Америка. Бұл жолы Боливияда. Ел астанасы Ла-Пасқа жақын маңда, «Стронгест» командасының 16 футболшысы бар ұшақ апатқа ұшырайды. Сараптаманың қорытындысы бойынша, ұшақтың ішінде әуеде өрт шығып, тауға барып соғылған. Соның салдарынан, ұшақтағы 74 адамның 20-сын ғана мамандар түр-әлпетін анықтап ала алды.
6. «Альянс Лима» трагедиясы
1991 жылдың 8 желтоқсаны Перу елінің 19 дүркін чемпионы «Альянс-Лима» клубының тарихында қаралы күн болып белгіленді. 43 жолаушысы бар ұшақ халықаралық әуежайға бірнеше шақырым қалғанда теңізге құлап, апатқа ұшырайды. Нәтижесінде толық бір команданың футболшылары қаза болып, сол сәтке дейін турнир кестесінде бірінші орында тұрған команда маусымды екінші құрамның ойыншыларымен аяқтайды.
7. Замбия ұлттық құрамасының трагедиясы
Замбия елінің футболшылары мінген ұшақ та 1993 жылдың сәуірінде теңізге құлап, қайғылы оқиға орын алады. Бір жылдан кейін өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясында Сенегалмен кездесуге бара жатқан. Апат нәтижесінде 30 адам көз жұмды.
Ал, XX ғасырдағы Замбияның үздік футболшысы атанған, 1998-ші жылы қара құрлықтың үздігі атағын алған Калуша Бвалиа клуб сапында матч өткізуіне байланысты Сенегалға басқа ұшақпен барып аман қалды.
8. «Пахтакор» трагедиясы
Кеңес одағы құлағанға дейін қалың елге белгісіз болып келген қайғылы оқиға. 1979жылдың 11 тамыз күні, сағат 13:35 Украина әуесінде 8400 биіктікте екі «Ту-134» ұшағы соқтығысады. Біреуі Ташкент-Минск бағытындағы ұшақ еді. 84 жолаушы, оның 17-сі «Пахтакор» футболшылары. Өзбек футболшылары Белоруссия астанасына жергілікті «Динамоға» қарсы чемпионат аясында матч өткізуге аттанған еді. Бірақ тағдыр жазбапты.
Апаттың себебі әлі күнге дейін белгісіз. Құжаттар құпия ретінде сақтаулы. Сол кездегі Ташкент пен Мәскеу арасындағы саяси шиеленістерге сүйене отырып, команданың көзін жою жөніндегі бұйрық тура Мәскеудің өзінен келді деген әңгімелер ел аузында бар.
9. «Шапекоэнсе» апаты
Бұл қайғылы оқиға Колумбияның Медельин қаласында болды. Боливияның Санта-Крус-де-ла-Сьерра қаласынан Бразилияның Рионегро шаһарына тасымалдаушы ұшақ Хосе Мария Кордова әуежайында 29 қарашада Астана уақытымен таңғы 9.30 бен 10.00 сағат аралығында қону керек болатын. Алайда, ұшақ діттеген жеріне жетпей, Колумбияда апатқа ұшырапты. Бразилияның Шапекоэнсе командасы 2014 жылы 35 жылдан кейін тұңғыш рет Оңтүстік Америка Кубогының жоғарғы дивизионына кірген болатын. Соңғы рет бұл клуб жартылай финалда өз елінде қарашаның 24-інде аргентиналық Сан-Лоренсо командасымен тең ойнағанына қарамастан финалға жолдама алған еді.