» » УЕФА Чемпиондар лигаcының барлық жұбы анықталды

УЕФА Чемпиондар лигаcының барлық жұбы анықталды

УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды. "Астана" футбол клубы Данияның "Мидтьюлланд" командасына қарсы қарымта кездесуде тең ойнап, екі ойын нәтижесінде 1 доп айырмашылығымен басым түсіп, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.  Хернинг қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Ойыншылар гол соғып, көзге түскен жоқ. Естеріңізде болса "Астана" өз алаңында өткен алғашқы ойында "Мидтьюлландты" 2:1 есебімен ұтқан болатын. Ол ойында елордалық ұжым сапында Ласло Кляйнхайслер дубль жасаса, дат командасы қатарынан Густав Викхейм бір голды еншісіне жазған-ды. Астана үшінші іріктеу кезеңіне шығу арқылы жарты миллиард теңгені қанжығасына байлады. 
ЕЧЛ үшінші іріктеу раундының жұптары: 
 "Астана" (Қазақстан) - "Динамо" (Хорватия)  "Селтик" (Шотландия) - АЕК (Грекия)  "Зальцбург" (Аустрия) - "Шкендия" (Македония)  "Црвена Звезда" (Сербия) - "Спартак"(Словакия)  "Карабах" (Әзербайжан) - БАТЭ (Беларусь)  "Мальме" (Швеция) - "МОЛ Види" (Мажарстан)  "Стандард" (Бельгия) - "Аякс" (Голландия)  "Бенфика" (Португалия) - "Фенербахче" (Түркия)  "Славия" (Чехия) - "Динамо" (Украина)  ПАОК (Грекия) - "Спартак" (Ресей).
03 тамыз 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930