» » Головкин – Альварес жекпе-жегіне қанша билет қалды

Головкин – Альварес жекпе-жегіне қанша билет қалды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін екінші жекпе-жекке сатылымда қанша билет қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, сатылымда екі мыңнан аса билет бар екен. Андеркартта кімдердің шығатыны белгілі болғанда, арнайы билеттер сатылымға шығады.
Головкин мен Альварестің бір жыл бұрынғы жекпе-жегіне билеттер кездесуге екі ай қалғанда сатылып кеткен еді. T-Mobile аренасына 17 318 билет сатылып, рекорд орнатылған еді. 27 059 850 доллар табыс түскен. Бұл – Невада штатының территориясында болған тарихи үшінші көрсеткіш. Негізінде олардың жекпе-жегі 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, айқас кейінге қалдырылды.
08 тамыз 2018 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031