«Астана» жеңімпаз
«Астана» Президенттік клубтың құрамына кіретін «Астана» футбол клубы ертең өз алаңында Хорватияның «Динамосын» қабылдайды. Бұл – Чемпиондар лигасы арасында үшінші іріктеу кезеңінің ойыны. Ал оған дейін жерлестеріміз сенбі күні ел чемпионатының 21-турында «Ақтөбемен» тең түсті.
Даниядан ерлікпен оралған жерлестеріміз бар күшін расымен де Скандинавияда сарқып қайтқан еді. Сондықтан «Ақтөбеге» қарсы кездесу психологиялық тұрғыда жерлесімізге оңай болған жоқ. Бас бапкер Роман Григорчук те негізгі құрамдағы біршама ойыншыға демалыс беріп, алаңға резервтегі жігіттерді шығарды. Соған қарамастан команда алаң иелеріне қарсы өте тамаша ойнап, есепті де бірінші болып ашты. Кездесудің 34-ші минутында Роман Муртазаевтың пасын голға айналдырған Рангело Янга еді. Өкінішке қарай, екінші таймда жеңісті есепті ұстап тұра алмадық. Стандартты жағдайлардың бірінде Александр Симчевич «Астана» қақпасынан саңылау тауып, таразы басын теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 1:1. Дегенмен, елордалықтар маусымдағы басты бәсекелесі «Қайратпен» ұпай айырмашылығын сақтап қалды. Өйткені, Қарағандыға қонаққа барған алматылықтар жергілікті «Шахтермен» 1:1 есебімен тең түсті. Егер 93-ші минутта Андрей Аршавин пенальти соға алмағанда, «Қайрат» ұтылып қалуы ғажап емес еді.
Енді елордалықтар ертеңгі «Динамомен» кездеуі «Астана-Аренада» сағат 20:00-де басталады. «Динамо» – өз елінің 23 дүркін чемпионы. Жақында құрамын Италияның «Болоньясында» доп тепкен Бруно Петкович толықтырды. Өте мықты сұрмерген. Алайда, өз алаңында намысты қолдан бермейтін «Астана» бұл матчты да өз пайдасына шешеді деп сенеміз. Кездесуде Джон Битон бастаған шотландиялық қазылартаразылайды.