» » «АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА «ДИНАМОДАН» ЖЕҢІЛДІ

«АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА «ДИНАМОДАН» ЖЕҢІЛДІ


Елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Хорватия чемпионы – «Динамодан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. «Астана» ойыншылары матчты сәтті шабуылдармен бастаған. Ойынның 8 минутында венгриялық легионер Ласло Кляйнхайслер айып алаңы сыртынан соққы бағыттап, доп қақпа бағанасынан кері серпілді. Ал матчтағы алғашқы голды қонақтар соқты. 39 минутта шабуылшы Марио Будимир Эрич қақпасын дәл көздеді. Екінші таймда ойынға «Астананың» жаңа ойыншысы Ричард Альмейда араласты. Оған дейін елордалық клубтың үш бірдей жаңа футболшылары – Антонио Рукавина, Педро Энрике және Джуниор Кабананга (Сауд Арабиялық «Әл-Насыр» клубынан жалға келген) бірінші минуттан алаңға шыққан болатын. Бұдан кейін Янга есепті теңестірген де. Алайда гол офсайдтан соғылды. Матчтың 84 минутында Дани Ольмо гол соғып, есеп айырмасын ұлғайта түсті. Және осы есеп кездесу соңына дейін сақталып қалды.

08 тамыз 2018 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031