Азияны ауыздықтаған Дәулет

Төрт кездесудің нәтижесі: Солтүстік Корея - 7:4, Қырғызстан - 6:3, Өзбекстан - 10:0, Жапония (финал)11:0.
Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген білекті балуан осымен үшінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр. 2015 жылы Доха, 2016 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтын медальді иеленген.
Жаңақорған ауданының тумасы Дәулет еркін күрестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында ҚР 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі рет қола жүлдегері атанған, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын балуанның бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов. Бапкердің айтуынша Дәулет енді мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.