ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ОБЛЫСЫМЫЗДАН13 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Қазіргі таңда қызылордалық спортшылар үстіміздегі жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Аталған спорт ойындарына облыстан 13 спортшы 6 спорт түрінен бақтарын сынайды.Атап айтсақ, байдарка және каноэде есуден Мерей Миербеков, каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада, Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова, Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина қатысады.
Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.
Азия ойындары – 1951 жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Ал алдағы тамыз айында Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстаннан 419 спортшы спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.Қазіргі таңда қызылордалық спортшылар үстіміздегі жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Аталған спорт ойындарына облыстан 13 спортшы 6 спорт түрінен бақтарын сынайды.
Атап айтсақ, байдарка және каноэде есуден Мерей Миербеков, каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада, Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова, Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина қатысады.
Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.
Азия ойындары – 1951 жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Ал алдағы тамыз айында Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстаннан 419 спортшы спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.