ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДА ҚАНДАЙ ФУТБОЛШЫЛАРМЕН ОЙНАЙДЫ?
Грузия мен Андорраға қарсы ойнайтын құрамға алғаш рет украиналық қақпашы Дмитрий Непогодов («Тобыл») шақырылған. Сонымен қатар «Астана» қақпашысы да Ненад Эрич те (сербиялық) шақырту алды. Сондай-ақ Ресей премьер-лигасындағы «Уфада» доп тебетін Еркебұлан Сейдахмет те бас бапкердің назарына ілігіпті.
Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Тобыл»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин («Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»); Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков («Қайрат»), Бахтиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков («Астана»); Шабуылшылар: Еркебулан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев («Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей).