» » ҚАЗАҚСТАН-ӘЗІРБАЙЖАН МАТЧЫН ҚАЙДАН КӨРСЕТЕДІ?

ҚАЗАҚСТАН-ӘЗІРБАЙЖАН МАТЧЫН ҚАЙДАН КӨРСЕТЕДІ?

   5 маусым күні Астанада футболдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжан құрамасын қабылдайды. Ойын Астана арена стадионында өтпек. Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталатын матчты QazSport телеарнасы тікелей эфирде таратады.
Қарсылас құрама кеше Бакуде Қырғызстан құрамасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы үшін Әзірбайжанға қарсы ойын 2018 жылдағы үшінші жолдастық кездесу. Наурыз айында Станимир Стойловтың командасы Венгрияны 3:2 есебімен жеңіп, Болгария құрамасынан 1:2 есебімен ұтылды.
Қарсылас құрама сапында мына ойыншылар матчқа шақырту алған:
Қақпашылар: Кямран Агаев («Кешля»), Анар Назиров («Зиря»), Салахат Агаев («Нефтчи»).
Қорғаушылар: Максим Медведев, Бадави Гусейнов (екеуі де – «Қарабах»), Руслан Абышов («Нефтчи»), Урфан Аббасов, Ильгар Гурбанов, (екеуі де – «Габала»), Славик Алхасов («Кешля»), Рахиль Мамедов («Сабаил»), Уфук Будак («Самсунспор», Түркия), Павел Пашаев («Александрия», Украина).
Жартылай қорғаушылар: Гара Гараев, Джошгун Диниев, Ричард Алмейда (бәрі – «Қарабах»), Намик Алсекеров, Эмин Махмудов, Рахман Гаджиев (бәрі – «Нефтчи»), Джавид Имамвердиев («Сумгаит»), Джавид Гусейнов, Тамкин Халилзаде («Габала»), Араз Абдуллаев («Анортосис», Кипр), Дмитрий Назаров («Ауэ», Германия).
Шабуылшылар: Руслан Гурбанов («Габала»), Амиль Юнанов («Сумгаит»), Махир Мадатов, Рамиль Шейдаев (екеуі де – «Қарабах»).
Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері 24 ойыншыны таңдап шақырыпты. Оның ішінде «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Вячеслав Швырев құрамаға тұңғыш рет шақырылып отыр.
Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»).
Защитники: Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (бәрі – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (бәрі – «Қайрат»).
Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бахтиер Зайнутдинов (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (бәрі – «Қайрат»), Максим Федин («Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»).
Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).
30 мамыр 2018 ж. 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031