Жазғы ауысымдар не дейді?

Былтырғы маусымда сәтті өнер көрсеткен Испания командаларының бұл жылы да аяқ алысы жаман емес. Атлетико УЕФА супер кубогін иеленсе, Барселона Испания супер кубогін қанжығасына байлады. Бұл ұжымдар жазғы трансферлік ауысымда да белсенділік танытып келеді. Мәселен: Барселона өзінің ардагер қос ойыншысы, орталық шептегі Маскерано және Иниестамен қош айтысқан соң Севилиядан 35 млн евроға Клеман Ланглені, Гремиодан Артурды 30 млн – ға, Бордодан Малкомды 41 млн – ға сатып алды. Бірақ, католандықтардың ең басты трансфері Бавариядан 80 млн евроға келген Артуро Видалды болды. Мадридте де бірнеше трансферлер жүзеге асты. Оның ішінде Атлетико Спортингтен жас талант Джелсон Мартинесті алса, Томас Лемар үшін Монакамен 70 млн евроға саудаласты. Ал, биылғы жылы сенсация жасаған Реал Мадрид клубы болды. Клуб призиденті Фиорентино Перес әлемнің үздік бомбардирі, португалдық Криштиану Роналдуды Туриндік Ювентусқа 117 млн евроға сатып жіберді. Оның орнына 35 млн евроға Челсиден Тибо Куртуаны, Украиндік Зарядан Андрей Лунинді, Реал Сосьедадтан Алваро Адриасоланы, Фламенгодан 45 млн евроға Винисус Жуниорды сатып алды. Алайда, Реалға португалдық шаулышының жоқтығы білінгендей. Жақында ғана болған УЕФА супер кубогі үшін таласта ақтар Атлетикодан 4:2 есебімен жеңіліс тапты. Реал призиденті қателесті ме әлде жоқ па оны алдағы Ла Лига ойындарында көретін боламыз.
Енді Серия А - ға қарай ойысайық. Бұл жылы Италиялық командалар өзгелерден қалыс қалған жоқ. Мысалы Милан қақпашы Пепе Рейнаға қол жеткізіп, Ювентустан Матиа Калдара мен Гансало Игуайнді алды. Челсиден Бакойаконы 1 жылға жалға сұрады. Ал, Интер белгиялық ойыншы Раджа Найнголланды Ромадан 38 млн евроға сатып алды. Асамоа болса туриндік Ювентустен еркін агент ретінде келді. Наполи Монакадан Кейта Балде мен Бетистен Фабио Руизді алса, Рома ПСЖ – дан Хавьер Пасторе мен Аякстан Джастин Клювертті және жақында әлем чемпионы болған Стивен Нзонзиді олжа қылды. Ювентус биылғы ауысымда трансферлік жарылыс жасаған жалғыз ұжым боп отыр. Миланнан алынған қорғаушы Леонардо Бонуччиден бөлек, Торинодан Перинді, Валенсиядан Жоау Канселуді, Ливерпулден еркін агент ретінде келген Эмре Джан арқылы қанжығасы майланды. Сайдың тасындай мықты ойыншылар алғанына қарамастан Ювенің ең үлкен жеңісі Криштиану Роналдумен келісімге келуі болды. Реалдан келген бұл сұрмергенге қойылатын жалғыз талап Еуропаның ең үздік турнирі УЕФА чемпиондар лигасында туриндіктерді жеңіс тұғырынан көрстеу. Осы турнирде 100 ден аса гол соққан шабуылшы алдағы уақытта сол мақстақа жетуге барын салары анық. Айта кетейік, португалдық шабуылшы келгелі туриндік клубтың табысы еселеп арта түскен. Және интернет желісіндегі жазылушыларды миллиондап көбеюде. Егер ойыншы клуб пен жанкүйерлердің сенімін ақтап, Чемпиондар Лигасын ұтып алса, әлемнің үздік ойыншысына беретін алтын доп иегері атануы әбден мүмкін.
Ақтілек БІТІМБАЙ