» » Франция әлем чемпионатының финалына шықты

Франция әлем чемпионатының финалына шықты

Санкт-Петербургте өткен ойында француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 51 минутта Умтити соқты. Ол Антуан Гризманның бұрыштамадан асырған добын баспен бағыттап, Тибо Куртуа қорғаған қақпаның торында тулатты.



1:0 есебі сақталып, Франция құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. 1998 жылы олар өз жерінде өткен мундиальда жеңіске жетсе, 2006 жылы Италиямен тең ойнап (1:1), пенальти сериясында жеңіліс тапқан еді.

Бельгия құрамасы болса екінші рет қола жүлдеге таласады. 1986 жылы да жартылай финалға дейін жетіп, чемпион атанған Аргентинадан ұтылған еді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде француздарға есе жіберген.

Екінші жартылай финалдағы ойында ертең Хорватия мен Англия құрамалары кездеседі. Қола жүлде үшін өтетін кездесу 14 шілдеге, финал 15 шілдеге жоспарланған.
11 шілде 2018 ж. 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930