» » FIFА-2018: Ең үздік гол анықталды

FIFА-2018: Ең үздік гол анықталды

2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық матчында Франция құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың Аргентина қақпасына бағыттаған добы турнирдің ең үздік голы атанды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Франция – Аргентина матчы 4.3 есебімен аяқталды. Ал франциялық футболшы Павар ойынның 57-минутында гол соққан болатын.
«Адам сенгісіз соққы. Бенжаменнің мінезі мықты. Ол бізді осы гол арқылы ойынға қайта әкелді», - деп пікір білдірді Франция құрамасындағы Павардың әріптесі Блез Матюиди.
Футболшы Павар матч біткен соң журналистерге допты алыстан қақпаға қалай соққаны жайлы баяндап берді.
«Доп көгалда секіріп жүрді. Ойлануға уақыт болмады. Корпусты доптың қақпадан жоғары шығып кетпеуі үшін солай қоюға тырыстым. Оның ұшып келген жеріне қайтаруға тырыстым. Маған шабуылшылар осылай деп түсіндіретін. Мұны еш ойланбастан автоматты түрде жасадым. Ал доп қақпаға кіргенде шын бақытты болдым», - деді ол матчтан кейін.
26 шілде 2018 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930