» » ГОЛОВКИН МЕН МЕССИ КЕЗДЕСТІ

ГОЛОВКИН МЕН МЕССИ КЕЗДЕСТІ

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин футболдан Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті. Қазақстандық боксшы әлем футболының жарық жұлдызына өзінің қолғабын тарту еткен. Олардың кездесуі Барселонадағы  Finney блокчейн-смартфонының презентациясы аясында өтіпті. Оны швейцар-израильдік Sirin Labs компаниясы құрастырған. Аталған мекеме директорлар кеңесінің төрағасы – Кеңес Рақышев. Бұған дейін Головкин сүйікті командасының – «Реал», ал футболшысының – Роналду екенін айтқан болатын.Головкин де бала кезінен футболмен айналысқан. Сондай-ақ «Астана-Аренада» өтетін «Астананың» матчтарына да жиі қолдау білдіреді. Бұған дейін боксшы «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Жозе Моуриньомен, УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездескен болатын.
30 қараша 2018 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031