» » Головкиннің белбеулері «Канелоға» берілді

Головкиннің белбеулері «Канелоға» берілді

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске орта салмақ дәрежесінде WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі табысталды. Бұл туралы Vesti.kz жазады.
Салтанатты марапаттау рәсімі Мехиконың Соймайя музейінде өтті. Мұнымен қоса WBC арнайы белбеуін Альвареске осы ұйымның президенті Маурисио Сулейман мен мексикалық миллиардер Карлос Слим табыстады.
Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткен реваншта жеңу арқылы осы белбеулерге ие болып отыр. Альварес-Головкин арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Аренада өтіп, «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Головкин кәсіпқой бокстағы карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, WBC, WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. Осыған дейін санкциялық жарна төлеуден бас тартқан Альварес IBO белбеуінен айырылды.
16 қазан 2018 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031