WorldBoxingNews сарапшысы орта салмақта Головкинді алмастыратын қазақстандықты атады
Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz порталына берген сұхбатында орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) орнын басатынын айтады. "Мейірім Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегін тамашаладым. Бұл жігіттің мүмкіндіктері мықты. Бүкіл жекпе-жекті бақылауныда ұстады және нокаут та тамаша шықты. Өзін сенімді ұстайды, болашағы зор. Климас оған бекер сенім артып отырған жоқ. Жалпы Климас таланттарды аша білуімен белгілі. Мейірім Нұрсұлтановтың алдынан жақсы мүмкіндіктер ашылғалы тұр. Головкин спорттық мансабын аяқтаған соң, бұл салмақта Мейірім жарқылдайды", - дейді ол. Айта кетейік, 12 қаңтарда Нұрсұлтанов екінші раундта 26 жастағы мексикалық Рамон Агинагиді (13-2, 26 КО) нокаутқа түсірді. Нұрсұлтанов былтыр қазанда WBC-дің топ-40 тізіміне енген.