Головкин бокстан шеттетілді
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңгеннен кейін спорттан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Vesti.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) осындай шешім шығарған. Мұндай шектеу боксшылар үшін жекпе-жектен кейінгі қалыпты процедура. Альварестің "шектелу" мерзімі 15 қарашада аяқталады.
Айта кетейік, комиссия шешімімен Геннадий Головкин де 31 қарашаға дейін уақытша шеттеліп отыр.
Альварес пен Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл кездесуде мексикалық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жітті, ал Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Жекпе-жектен кейін "Канело" дәрігерлер көмегіне жүгінгенін мойындады. Оның Головкинмен жұдырықтасқан кезде жарып алған қабағына алты жерден тігіс салынған. Мексикалық желтоқсанда рингке оралуды жоспарлап отыр.