» » КӨКПАР ҚАЗАНДЫҚСЫЗ ӨТЕ МЕ?

КӨКПАР ҚАЗАНДЫҚСЫЗ ӨТЕ МЕ?

 Астанадағы Ұлттық музейде әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен халықаралық «Көкбөрі» федерациясының конгресі өтті. Басты мәселе – көкпарды қазандықсыз ойнау. Бүкіл әлемдік көкпар қауымдастығына жаңа мүшелер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралды. Сонымен қатар көкпардан (бузкаши, улак-купкари, улак-тартыш) халықаралық ережелер талқыланды.
– Әр елдің ішінде өтетін жарыстар өз тәртібімен өткізіле береді, ал әлемдік додалар жаңа ережемен өтетін болады, – деді Бекболат Тілеухан. Жаңа ережеге сәйкес енді көкпар қазандықсыз ойналып, оның орнына шеңбер қойылатын болды. Соныменбірге Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін серке 33-35 келі болатын муляжға айырбасталды. Көкпар ойнайтын алаңның ұзындығы – 200-220 метр, ені 65-70 метр болып бекітілді. Бір жылдық мерзімге "Аударыспаққа" Жаныс Саев, "Теңге ілуге" Рамазан Махатов, "Көкпарға" Нұрдәулет Момынов, "Жамбы атуға" Елдос Бадашов Бас төреші болып сайланды. Оның қарамағында орынбасарлары, алаңдағы төреші, хатшы, техникалық төреші, медбике, диктор болады. Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры – Рахат Жақсыбай:
– Қауымдастық негізгі басым бағытты төрт спорт түріне беріп отыр, алдағы уақытта аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, көкпар спорты бойынша жұмыстар жүргізіле береді, – деді. Сәуір айының соңына қарай Жастар жылы аясында Алматыда жастар арасында сегіз елдің спортшысы қатысатын Азия чемпионаты өтеді.  Ал наурыз айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында халықаралық көкпар сайыс өтеді. Бұл айтылған  жарыстарға  жастар құрамасы қатысады. – Бұған дейін Ақтөбе облысы аударыспақтан облыс әкімінің кубогын өткізген. «Аударыспақ алыптары» деген атпен Астанада аударыспақ сайысын өткізуқолға алынып жатыр. Сол үшін Астана цирк мекемесімен келіссөздер жүргізіліп жатқаны сөз болды. Жиын соңында Қазақстан, Мажарстан, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей ұлттық спорт федерация өкілдері көкпардың жаңа ережесін талқылап, мақұлдап, бәрі де бірауыздан қолдап, құжатқа қол қойды.
21 ақпан 2019 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031