» » Елімізде алғаш рет «мұз гладиаторлары» жарысы өтеді

Елімізде алғаш рет «мұз гладиаторлары» жарысы өтеді


Қазақстанның Автомотоспорт федерациясы Астанада 2018 жылы Мұз үстіндегі спидвейден халықаралық мотоцикл федерациясы (FIM) тарапынан жекелей әлем чемпионатының 1-ші финалын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш жарыс 2018 жылдың 3-4 ақпанында елордадағы Алаудың мұз сарайында өтеді. Айта кетерлігі, 2018 жылғы маусымның алғашқы бес финалының бірінші кезеңін Қазақстанның астанасында өткізуді сеніп тапсырды. Ал қалған басқа финалдар дәстүрлі түрде Ресейде, Голландияда және Германияда өтеді. Айта кету керек, Қазақстан мұз үстіндегі спидвейден жекелей әлем чемпионатының кезеңдерін өткізуде көп тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, соңғы үш жылда Алматыдағы «Медеу» жасанды мұз айдынында жарыс өтті. Астанадағы Алау мұз сарайында әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM) арнайы комиссиясы жекелей әлем чемпионатының финалына арналған аренаны және барлық қажетті инфрақұрылымды тексерді. Комиссия жетекшісі дайындық деңгейі FIM талабына сәйкес екенін және федерация өкілдері осы кезеңде қазақстандық ұйымдастырушылардың жұмысына қанағаттанғанын атап өтті. «Астана жарыстарымызды алғаш рет өткізгелі жатыр, - деп атап өтті FIM Халықаралық мотоциклдік федерациясының трассалық комиссиясының директоры Армандо Кастанья. - Айту керек, соңғы жылдары Қазақстанның астанасы ірі халықаралық іс-шараларды, соның ішінде спорттық жарыстарды өткізуде мол тәжірибе жинақтады. Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында біздің жарыстарымыздың үш табысты финалына ие болды және Астанадағы жарыс жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Біз Астанадағы жарыстарға дайындық дұрыс бағытта жүріп жатқанына көзіміз жетті. Стадион барлық қажетті талаптарға жауап береді». Қазақстандық ұйымдастырушылар Астанада өтетін мұз гладиаторларының жарыстарына көрермендердің үлкен қызығушылығы болатынын айтып отыр. Өйткені бұл жарыстың футболдан немесе хоккейден кем түспейтінін айтады. «Астанадағы ең жақсы мұз айдынында ұйымдастырылып отырған әлем чемпионатының жарысы көрермендердің аса қызығушылығымен өтеді деп есептейміз, - деген ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев. - Медеуде өткен үш жылдық жарыстың қорытындысы бойынша Астанадағы өткелі жатқан әлемдік чемпионаттың ақтық кезеңдерінің жалғасының өтуі - Қазақстанның осы деңгейдегі жарыстар өткізіп, Халықаралық мотоцикл федерациясы FIM тарапынан сенімге ие болғандығының дәлелі. Бұл беделді жарыстың біздің елордада өзінің жиырмасыншы жылдығында өткізілетіндігіне мақтанамыз». Сонымен қатар, 2018 жылы өтетін мұз үстіндегі спидвейден әлем чемпионаты бес кезеңде өткізіледі. Бірінші және ең беделді жүлделер Астана қаласында өтеді, содан кейін Ресей Федерациясы, Германия және Нидерландыда басталады. Командалық әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейдің Шадринск қаласында өтеді.
31 қаңтар 2018 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031