» » ҚАЗАЛЫ АРУЫ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АРУЫ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  Бокстан Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының жүлдегері Марина Вольнова араға біраз үзіліс салып, үлкен боксқа қайта оралды. Отандық боксшы Шымкентте басталатын Қазақстан Спартакиадасында бақ сынап көрмек. Вольнова шаршы алаңға қайта оралуының себебін түсіндірді.
– Араға бес жылдай уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралдым. Бұл шешімімді жолдасым, ата-енем, әкем, барлығы қолдады. Командаға қайта қосылатынымды естіген боксшы қыздар да лебізін аямай жатыр. Бұрын 75 келіде бақ сынағанмын. Енді 69 келіде жұдырықтасып көремін. Шыны керек, үш жарым жыл бойы ешқандай жаттығу жасамадым. Тіпті, жүгірген жоқпын да... Уақыт өте келе бокстың маған қажет екенін түсіндім. Әлі шамам бар, сондықтан өзімді қайрап, сынап көрмекпін. Жалпы бокстан алшақтап қалғанымның өзіндік себебі бар. Лондон Олимпиадасынан соң тұрмысқа шықтым, шекесі торсықтай екі ұлды дүниеге әкелдім. Бүгінде үлкенім 4 жаста, кіші ұлым екіден асты. Затым әйел болғандықтан солардың тәрбиесіне мән беріп, үйде отыруды жөн санадым. Бүгінде ұлдарым өсіп келеді. Ал мені шаршы алаң қайта шақырып жатыр (күлді). Қазақстан спартакиадасына Нұр-Сұлтан атынан қатысамын. Өзім де елорда тұрғынымын. Бәрін осы жарыс көрсетеді. Қазір менің салмағымда бәсекелестік жоғары деңгейде. Жас боксшылар өте көп. Мен өз тәжірибем көмекке келер деген ойдамын. Егер бәрі сәтімен болса, әрі қарай құрама командаға өтсем деген тілек бар. Ұлттық құрамадағы боксшы қыздармен сәлемім түзу. Барлығымен араласып тұрамын. Командаластарымның қатарына қайта қосылып, ірі жарыстарға қатыссам деген жоспарым бар, – дейді Марина Вольнова.
19 мамыр 2019 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031