» » ШАРШЫ АЛАҢДА – БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР

ШАРШЫ АЛАҢДА – БҰРЫМДЫ БОКСШЫЛАР

   Астанада бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Елордада өткен ел біріншілігінде бұған дейін есімі елге белгісіз болған екі бұрымды қыз – Ақерке Бақытжан (69 кг) мен Милана Сафронова (64 кг) жеңімпаз атанған-ды. Ұлттық құрама сапында жүріп халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген қыздар мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Додаға әр өңірден келген 76 боксшы қыз қатысты. 25 жастағы қызылордалық Ақерке Бақытжан 2014 жылғы чемпионатта финалға дейін жетіп, екінші орын алған. Одан кейін Ақерке ұлттық құрама сапында біраз көрінбей кеткен-ді. Енді міне, араға төрт жыл салып ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысына айналды. Енді оның мақсаты – алдағы уақытта әлем чемпионатына қатысу. Қыздар арасындағы әлем чемпионаты осы күзде Үндістанда өтеді. Сонымен қатар қарағандылық Милана Сафронова да мансабында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол финалдық сайыста Азия чемпионы атанған өте тәжірибелі боксшы Мадина Нұршаевамен кездесті. Жекпе-жек алдында бұл кездесу қиынға соғатынын Сафронова сезгенімен, айқас уақытында Нұршаева қарағандылық боксшыға еш қарсылық көрсете алмады. 51 кило салмақтағы финалдық сайыс әдеттегідей екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай мен Жайна Шекер­бекова арасында өтті. Әдеттегідей деуіміздің себебі, дәл осы салмақта Қазақстан чемпионатының финалына үнемі аты аталған екі боксшы шығады. Қызайбай-Шекербекова арасындағы биылғы текетірес Назымның жеңісімен аяқталды. Ал 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан (54 кг) осымен жетінші мәрте ел чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова (75 кг) мен әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Әйгерім Қасенаева (48 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) өз салмағында үздік шықты. Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша 10 салмақ дәрежесінде өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Астана қаласының боксшы қыздары көш бастады. Олар үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. Алматы қаласынан келген боксшы қыздар екі алтын, бір күміс және төрт қола медальмен екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Ақмола облысының боксшылары түйіндеді. Олар екі алтын және үш қола медаль еншіледі. Жарыс қорытындысы бойынша алдағы Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздар іріктеледі.
24 мамыр 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031