» » БАЛАНДИН БУДАПЕШТТЕ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІНДІ

БАЛАНДИН БУДАПЕШТТЕ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІНДІ

  Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдеге ие болды. Баландин аталған қашықтықты 2:10,73 уақыт көрсеткіште жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков  көш бастады. Оның уақыт көрсеткіші 2:08.23. Екінші орынды 2:08,61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба иемденді. Айта кетейік, жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06,67). Аралас эстафетада отандық спортшының бағы жанды. Мәреге үшінші жеткен Дмитрий Баландин екінші рет қола медальді иеленді. Енді Дмитрий Баландин әйгілі америкалық бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығады. Сало әлемдегі ең табысты бапкер­лердің көшін бастайды. Аты аңызға айналған бапкер Баландинмен қатар Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай есімді жерлестерімізге тәлім үйретпек. Ол өз карьерасы барысында ондаған әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін және олимпиада ойындарының жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған.
18 мамыр 2019 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930