» » Фируза Шарипова «Жыл адамы» атанды

Фируза Шарипова «Жыл адамы» атанды

Екі салмақ санатында чемпиондық белдіктердің иесі, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Алтын Адам – Жыл адамы» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлайды.
Салтанатты марапаттау рәсімі бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жыл сайынғы шара осымен 19-рет өткізіліп отыр.
Сонымен қатар «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығына опера әншісі Зарина Алтынбаева, суретші Анар Әбжанова, кинорежиссер Ақан Сатаев, ғылым қайраткері Маратбек Ғабдуллин және тағы басқалар ие болды.
Бұған дейін «Жыл спортшысы» аталымында боксшы Қанат Ислам, Олимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық Дмитрий Баландин, WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин, ауыр атлет, үш салмақ санатында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин сияқты спортшылар жеңіске жеткен.
21 қараша 2018 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930