» » Лионель Месси тағы рекорд жаңартты

Лионель Месси тағы рекорд жаңартты


Испаниялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мюнхендік «Бавария» сапында өнер көрсеткен Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Ол бір клуб үшін өнер көрсетіп, еуропалық ең үздік бес жарыста көп гол салған футболшы атанды. 14 қаңтарда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында «Реал Соседад» қақпасына гол салды. Бұл ойын – 30 жастағы футболшы үшін «Барселона» құрамында осы турнирдегі өткізген 401-ші ойыны және 366-шы голы. 1964-1979 жылдары «Баварияның» намысын қорғаған Мюллердің есебінде Германия чемпионатында – 365 гол (427 ойын). Желтоқсанда Месси барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Мюллердің рекордын жаңартқан еді (526 гол).
15 қаңтар 2018 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031