» » ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

20-21 қаңтарда «Евразия» спорт кешенінде шағын футболдан ҚР еңбек сіңірген экономисі, қаржы саласының құрметті қайраткері Камал Шөкеновті еске алуға арналған облыстық турнир өтеді.    Жарысқа тексеру комиссиясы, Ұлттық банк, Қорқыт Ата ҚМУ, қаржы және экономика басқармалары, Жалағаш ауданы, қаржылық бақылау комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінен құралған 9 команда бақ сынасады.
    Ойын 20 минуттан екі кезеңде өткізіледі. Жарыстың жеңімпаз, жүлдегер командалары диплом, кубоктармен марапатталса, үздік бес ойыншыға естелік сыйлықтар беріледі.
    Ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы.
    Жарыс 20 қаңтарда сағат 9.00-де басталады, 10.00-де салтанатты ашылуы болады.

17 қаңтар 2018 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930