ОҢТҮСТІК ДЕРБИДЕ "ҚАЙСАР" БАСЫМ БОЛДЫ

Кездесудің екінші бөлігінде қауіпті шабуылдың басым бөлігін қонақтар ұйымдастырды. Тіпті 11 метрлік айып добы белгіленетін бірнеше сәттер байқалды. Дегенмен бас төреші Рахымбаевтың ысқырығы сол сәтте үнсіз болды. Кездесу аяқталар тұста Стойчо бапкер жас шабуылшы Өркен Маханға мүмкіндік беріп, алаңға шығарды. Төрешінің қосқан 6 минутының бітер тұсында Өркен бұрыштамадан асырған допқа бірінші жетіп, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 1-2!
Матч аяқталған сәтте алғашқы голдың авторы Куле Мбомбоны әңгімеге тартып, ойын жайлы пікірін сұрадық.
– "Ордабасыға" қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Әр ойыншы өз позициясында сауатты ойнады. Соның арқасында "Ордабасыны" жеңдік. Біз мықты ұжымбыз! Әр ойын сайын гол салып, командама қол ұшын созғым келеді. Бұл ойым барынша жүзеге асуда. Сонымен қатар көп шақырымды артта қалдырып, бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғысым ерекше!