» » ҚПЛ: СЕНСАЦИЯҒА ТОЛЫ ТУР

ҚПЛ: СЕНСАЦИЯҒА ТОЛЫ ТУР

  Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9 турында ел күтпеген нәтижелер тіркелді. 6 ойынның ішінде екі кездесу тең аяқталса, 3 кездесуде қонақтар басым болды. Ал бір ойында алаң иелері жанкүйерлерін жеңіспен қуантты.
"Ақтөбе" – "Қайсар" 1:3
 Қызылордалық "Қайсар" премьер-лиганың 9 турында "Ақтөбеге" қонаққа барды. Стойчо шәкірттері түздегі жеңісті сериясы бұл турда да жалғасын тауып, қарсыласын 1-3 есебімен жеңді. Кездесу басталысымен қасқырлар жылдам гол соғып, алаң иелерін әбігерге салды. 4 минутта Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған добына Александр Морочкин бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Бұл голдан кейін, қос тараптан да қауіпті шабуылдар бола қоймады. 41 минутта қарсылас команданың қорғаушысы Саят Жұмағалидың тепкен добы Асхат Тағыбергенге тиіп, доп қақпа ішінен бір-ақ шықты. Есеп 0-2. Артынша Абат Айымбетов әупірімдеп жүріп, есепті қысқартқан. Дегенмен "Қайсардың" армениялық легионері Тигран Барсегиянның 30 метр жерден шірене тепкен добына Рамиль Нұрмағамбетов тойтара алмай, допты қақпа ішінен алып шықты. Бұл гол ойынның нүктесін қойды.
«Қайрат» — «Тобыл» 0:1.
Көш басындағы Астананың соңына түскен екі клуб үшін де бұл ойын маңызды болатын. Сол себепті екі ұжым барынша жинақы ойнады.
Матч басынан алаң қожайындары орта қашықтықтан жиі шабуылдап, Балаев қорғаған қақпаны нысанаға алумен болды. Ал 30 минуттан бастап «Тобыл» ойыншылары белсенділік танытты. Осылайша алғашқы тайм голсыз аяқталды. Үш ұпайдың ауадай қажетін ұққан «Қайрат» екінші таймды тегеурінді бастады. Бірақ 54 минутта шабуылшы Адеринсола Эсеола допты тура қақпаға тебе алмаса, 67 минутта Ғафуржан Сүйімбаев шірене тепкен доп қақпадан сəл ғана қиыс кетті. Кездесудің жеңісті голын 87 минутта Бауыржан Тұрысбек салды. Бір қорғаушыны алдап барып тепкен добы жолай Айбол Əбікенге тиіп, қақпадан бір-ақ шықты. «Тобыл» осылайша сырт алаңда маңызды 3 ұпайды олжалады.
«Астана» — «Ертіс» 0:1.
Ел күтпеген нәтиже Астанада тіркелді.  Алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін қолға алған «Астана» тайм соңына дейін шабуылдаумен болды. Дегенмен алаң қонақтары сəтті қорғана біліп, арасында қарымта шабуылды да сəтті ұйымдастырды. Бірақ бірінші таймда гол соғылмады.
Содан болар матчтың екінші бөлігінде екі ұжым да шабуылға ден қойды. «Астана» позициялы, ал «Ертіс» жылдам қарымта шабуылдарға иек артумен болды. Ертіс ойыншылары жеңіс голын 78 минутта айып соққысынан салды. Əуелеп келген допқа қорғаушылардан бұрын жеткен Рохер Каньяс баспен допты жақын бұрышқа «шегеледі». Ненад Эрич соққыға еш қауқар таныта алмады. Ойын біткенге дейін бар күшімен есепті теңестіруге тырысқан «Астана» ойыншыларына бірде тура соққы бағыттаудың сəті келмесе, бірде «Ертіс» қорғаушылар допқа бірінші жетіп жатты.
"Ордабасы" – "Атырау" 1:1.
Екі команданың кездесуі "Ордабасының" жаппай шабуылымен басталды. Алғашқы минуттан алаңға шыққан Тоқтар Жанғылышбайдың бірнеше мәрте мүмкіндігі болғанымен, оны голға айналдыра алмады. Бұдан кейін ұйытқыта соққан желдің әсері болды ма сүреңсіз ойындар сериясы басталды.
Ойынның екінші кезеңінде шабуылды үдеткен "Ордабасы" кездесудің 54-минутында гол салуға қол жеткізді. Аргентиналық Пабло Фонтанелло айып алаңында әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай соғып, есеп ашты.  Есеп 1-0  "Ордабасы" осы голдан кейін сәл тізгінді босатып алғандай болды. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеген «Атырау» командасының ойыншысы Владимир Воменко есепті теңестіріп кетті. Есеп 1-1. Жеңіске қол жеткізу үшін команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе алаңға жас футболшыларды шығарды. Үміт артқан бұл футболшылар да таблодағы есепті өзгерте алмады. Қорытынды есеп 1-1.
Осындай тең нәтиже Көкшетау қаласында тіркелді. "Оқжетпес" – "Шахтерді" қабылдап 2-2 есебімен тең тарқасты.
Премьер лига
Орын
Команда
Ойын
Ұ
Т
Ж
Доп
Ұпай
«АСТАНА» (Астана)
10
8
1
1
19-6
25
«ТОБЫЛ» (Қостанай)
9
6
2
1
15-6
20
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған)
9
5
2
2
13-4
17
«ҚАЙСАР» (Қызылорда)
9
5
2
2
9-5
17
«ҚАЙРАТ» (Алматы)
10
5
1
4
14-10
16
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент)
9
3
5
1
8-4
14
«ШАХТЁР» (Карағанды)
9
3
2
4
12-10
11
«ОҚЖЕТПЕС» өкшетау)
9
3
2
4
15-18
11
«ЕРТІС» (Павлодар)
9
3
0
6
6-14
9
«ТАРАЗ» (Тараз)
9
2
0
7
10-20
6
«АТЫРАУ» (Атырау)
11
1
3
7
5-18
6
«АҚТӨБЕ» қтөбе)
9
2
0
7
9-20
-6*
*  «АКТӨБЕ» ФК  12 ұпай алынды
16 мамыр 2019 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031