» » ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

  Халықаралық әуесқой бокс ұйымының (AIBA) экс-президенті Ғафур Рахимов ұйым басшысы қызметінен түбегейлі кетті. Бұған дейін өзбекстандық маман өз өкілеттілігін уақытша тоқтатып, президент міндетін Мұхамед Мұстасанға тапсырған еді. Ресей бокс федерациясының президенті Умар Кремлев өзбекстандық маманды қызметінен кетуге және боксшылар қауымдастығы алдында кешірім сұрауға шақырған. Оның айтуынша, Рахимов басқарған тұста ұйым банкротқа белшесінен түскен. Халықаралық олимпиада комитеті де Рахимовтың AIBA-ны басқаруын әу бастан қолдаған жоқ. Тіпті Рахимов бұл қызметте отыратын болса онда бокс олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін деген де ақпар таратты. Жақында ғана ХОК AIBA-ны мойындау мәртебесін алып тастады. Бокс қауымдастығы бұл мәртебесін тек 2020 жылғы Токио олимпиадасынан кейін ғана қалпына келтіре  алады.
20 шілде 2019 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930