» » Еуро-2020: Ресей-Қазақстан матчына билеттер сатыла бастады

Еуро-2020: Ресей-Қазақстан матчына билеттер сатыла бастады

   Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчына билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы РФ футбол одағының ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 9 қыркүйек күні мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:45-те өтеді. Өтетін орны Калининград қаласының «Калининград» стадионы.
Билеттерді ресми оператор - KASSIR.RU сайтынан сатып алуға болады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билеттен ғана беріледі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан I топта үшінші орында тұр, Михал Билек командасының қоржынында алты ұпай бар. Топ көшбасшысы – Бельгия құрамасы (12 ұпай).
09 тамыз 2019 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031