» » ҚҰРАМА ЖҮЗДІККЕ ЖАҚЫН

ҚҰРАМА ЖҮЗДІККЕ ЖАҚЫН

  Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың шілде айына арналған рейтингісі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айындағы рейтингпен салыстырғанда екі саты жоғарылаған.
Шілде айындағы рейтинг бойынша алғашқы үздік үштік аздаған өзгеріске ұшыраған. Көш басындағы Бельгия 1746 ұпаймен өз орнын сақтап қалса, маусым айында үшінші орында қалып қойған Бразилия (1726) жуырда Америка кубогында топ жарғанының арқасында екінші орынға көтерілді. Ал өткен айда екінші сатыда орналасқан Франция (1718) құрамасы бұл айда үшінші орынға төмендеді.
Маусым айында 114-орынға тұрақ­таған Қазақстан ұлттық құрамасы екі са­тыға жоғарылап, 112 орынға жайғасты. Қазір ұлт­тық құрама қоржынында 1174 ұпай бар.
Айта кетейік, Михал Билек шәкірттері алдағы қыркүйек айында Еуро-2020 чемпио­натының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Кипр және Ресей құрамаларымен кездесу өткізеді. 6 қыркүйекте Кипрмен ойнаса, 9 қыркүйекте Ресей футболшыларымен жасыл алаңда кездеседі.
03 тамыз 2019 ж. 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031