» » Абу-Дабиде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері 9 медаль жеңіп алды

Абу-Дабиде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері 9 медаль жеңіп алды


Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Халықаралық турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты. Алтын медальді Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) және Османжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.
Айта кетер жайт, аталған халықаралық турнирдің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.

18 қаңтар 2018 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031