» » Месси тағы бір маусымға «Барселонада» қалатын болды

Месси тағы бір маусымға «Барселонада» қалатын болды

   
   Каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси тағы бір маусымға команда сапында қалатын болды. Бұл туралы Egemen.kz Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
Басылымның ақпараты бойынша, Месси командадан кетемін деген райынан қайтуы мүмкін. Капитанның командада қалуының басты себебі – клубтың президентінің шешімі болып тұр. Жозеп Бартамоу, яғни команда президенті қазір Мессиді ешқайда жібермейтінін мәлімдеді. Мұны ол Мессидің әкесі Хорхе Мессимен кездесу барысында қадап тұрып айтқан. 
Сондықтан енді ол келісімшартты бұзу үшін сотқа баруы керек. Алайда Месси мұндай қадамға барғысы келмей отыр. 
33 жастағы аргентиналық футболшы «Барселонадан» абыроймен кеткісі келеді. Сол үшін де ол келесі маусымда ойнап, жанкүйерлермен қоштасып кетпекші. Сондай-ақ ол Неймардың қателігін қайталауға ниетті емес. Бразилиялық футболшы 2017 жылы «Барселона» басшыларымен жанжалдасып кеткен болатын. 
Биыл Месси ешқандай сотқа жүгінбей келісімшартты бұзғысы келген еді. Бірақ команда басшылары оған мұндай мүмкіндік бермеді. 
Месси – «Барселона» тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.
04 қыркүйек 2020 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930