» » Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болады

Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болады

 Енді eGov порталындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы sms-хабарлама арқылы білуге болады.

2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Ұлттық Банк басқармасының қаулысы күшіне енеді

“Зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай – күйі туралы ақпарат беру (инвестициялық кірісті ескере отырып)” мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады”, – деп хабарлады қор.
Бүгіннен бастап зейнетақы жинақтарыңның жай-күйі туралы төмендегі тәсілдермен білуге болады:
1) тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде;
2) пошта  арқылы;
3) электрондық тәсілмен:
– БЖЗҚ – да ұсынған мекен-жайға электрондық пошта арқылы;
– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинетке кіру арқылы;
– электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет.
Соңғы тәсілді пайдалану үшін бұрын тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болды. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап, кез келген салымшы mgov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-паролді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан көшірмені сұралым жібергеннен кейін ала алады.
Дереккөз: baribar.kz
21 қаңтар 2019 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930