ТАМЫЗдЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы «Үздік бапкер», «Үздік ойыншы» және «Үздік гол» номинациялары бойынша тамыз айының мықтыларын таңдады.
ҚКФЛ «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасында үздік голды анықтау үшін жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды. Онда ең әдемі жеті гол ұсынылды.
Үздік голды анықтауға 1 183 футбол жанкүйері қатысты. Соның нәтижесінде «Қайсар» капитаны Асхат Тағыбергеннің «Тобыл» қақпасына соққан голы 808 (68,3 %) дауыс жинады.
Тамыз айындағы үздік бапкерді таңдауды ҚПЛ-дың 11 бас бапкерінің еншісіне берілді. 10 жаттықтырушы «Қайрат» тәлімгері Алексей Шпилевскиді таңдады, Беларусь маманы өзінің дауысын «Каспидің» бас бапкері Срджан Благоевичке берді.
Айта кетейік, «Қайрат» тамыз айында төрт матч өткізіп, бәрінде жеңіске жетті («Каспий» (3:0), «Тобыл» (3:1) және «Ордабасы» (3:1). Ал Еуропа лигасында еревандық «Ноадан» басым түсті.
Бас бапкерлер айдың үздік ойыншысын таңдады, оның нәтижесінде «Қайрат» шабуылшысы бразилиялық Вагнер Лав үздік болып танылды.
36 жастағы форвард ҚПЛ-да екі гол соғып, екі нәтижелі пас берсе, Еуропа лигасында да қақпаны екі рет дәл көздеп, бір нәтижелі пас авторы атанды.