» » Қосымша 943 грант бөлді

Қосымша 943 грант бөлді

   
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тарапынан қажетті деген мамандықтарға қосымша тағы да 943 грант бөлінді. ⠀ Педагогикалық бағытта «Астана халықаралық университетіне» 485 грант бөлінді. Оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін құжаттарды тапсыруға болады.
Сонымен қатар WWW.AIU.KZ сайты арқылы онлайн тапсыра аласыз. Мынадай құжаттар тапсыру керек: ⠀ 1. ҰБТ сертификаты (70 балдан кем болмауы тиіс); 2. Аттестатың түп нұсқасы (оригинал); 3. Төл құжаттың көшірмесі; 4. 18 жасқа толмаған болсаңыз, ата-анаңыздың бірінің төл құжатының көшірмесі және өзіңіздің туу туралы куәлігіңіз; 5. Жігіттерге – әскери құжат (Приписной билет); 6. 3х4 фото (6 дана); 7. Әлеуметтік құжаттар болған жағдайда (көп балалы, аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін және мүмкіндігі шектеулі, балалар үйінен шыққан жастар үшін). ⠀ Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 (7172) 24-04-03 ⠀ Медицина бағытында «Астана халықаралық университетіне» резидентура бөліміне 293 грант бөлінді. ⠀ Діни бағытта «Нұр-Мүбарак Египет ислем мәдениеті университетіне» 15 грант бөлінді. ⠀ Өтініштер 25 тамызға дейін қабылданады. Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 747 777-84-37 / 8 (727) 385-58-25, 302-09-30. ⠀ 150 әлеуметтік (шәкіртақысыз/степендиясыз) грант бөлінді. ⠀ Келесі топтағы жастар өтінім бере алады: ➢ Мүмкіндігі шектеулі жастар; ➢ Жетімдер; ➢ Балалар үйінің түлектері; ➢ Ата ананың қарауынсыз қалған жастар; ➢ Көп балалы отбасыдан шыққан жастар (4 бала және оданда көп); ⠀ 20 тамызға дейін құжаттарды «egov.kz» сайты арқылы тапсыруға болады. 1. ҰБТ сертификаты; 2. Аттестатың немесе мектепті біргендігі туралы дипломның түп нұсқасы (оригинал); 3. Төл құжаттың көшірмесі; 4. Туу туралы куәлік; 5. 3х4 фото (6 дана); 6. Мүгедектігін растайтын құжат; 7. Ата-анасы қайтыс болғандығын растайтын құжат. ⠀ Әлеуметтік гранттар келесі мамандықтар бойынша беріледі: Бастауыш, Әлеуметтік қызмет, Жалпы медицина, Дизайн, Архитектура, Құқық негіздері, Тіс дәрігері, Менеджмент т.б. Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 (7172) 55-72-32 бойынша хабарласуға болады. ⠀ Өтінім берушінің әр отбасы мүшелерінің айлық еңбек табысы 137 104 теңгеден аспауы керек!
"Айқын" ақпарат
19 тамыз 2020 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930