» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ 390 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ 390 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

  ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінді.
Оның 390-ы Қызылорда облысына бағытталады. Оның 61-і педагогикалық ғылымдарға, 329-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауылшаруашылығы және биоресурстар мамандықтарына бөлінеді.
Білім беру гранттарын алатын түлектер көп балалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру 15 тамызға, қабылдау 25 тамызға дейін қабылданады.

17 шілде 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031