» » Қашықтан оқитын оқушылар да коронавирусқа шалдығып жатыр

Қашықтан оқитын оқушылар да коронавирусқа шалдығып жатыр

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқитын оқушылардан да коронавирус анықталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева баспасөз конференциясында айтты.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың 6 жағдай тіркелді. Оның ішінде, бір бала мектепке барып оқып жүрген, қалған бесеуі қашықтан білім алды», – деді қаланың санитар дәрігері.

Оның айтуынша, балалармен байланыста болғандардан коронавирус анықталмады.

«Барлығы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектеп дезинфекцияланды. Оқушылар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», – деді Пралиева.


29 қыркүйек 2020 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930