ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛ КӨМЕГІ

Жаңақорған ауданы жастар ресурстық орталығы КММ және аудандық пробация бөлімі қызметкерлерінің іс-шара жоспарына сәйкес, Кейден ауылдық округіндегі жалғыз басты ана Г.Буриспаеваның үйіне, ауласына тазарту жұмыстары жүргізілді. Кейден ауылдық округі жастарынан құралған топ бұл кезге дейін де еріктілікті ту етіп, көпшілік шараларда үлгі болып жүр.
Алдағы уақытта аталған іс-шаралар барлық кент, ауылдық округтерде жалғасады.