«Ауыл жастарын әлеуметтендіру»
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 2019 жылдың 5-7 желтоқсан күндері Жаңақорған ауданының Кейден, Шалқия, Сүттіқұдық, Жайылма, Жаңарық ауылдық округтерінде «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасыныңы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында сала мамандарының қатысуымен кездесу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында «Құқықтық сауаттылық – қоғам мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг, жастар арасында «Мен спортты таңдаймын!» тақырыбында спорттық сайыс және «Жастар жылын» атап өту мақсатында мерекелік концерттер өтті.
Сонымен қатар, жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған әдістемелік-нұсқаулық әзірленіп ұсынылды.
Ауданның Кейден, Шалқия, Сүттіқұдық, Жайылма, Жаңарық, Ақүйік және М.Нәлібаев ауылдық округтерінде жастар арасында сауалнама жүргізіліп, оған 561 респондент қатысты.