Ұстаз ұлылығы суретте
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұғалімдер күнінде оқушылар арасында сурет салудан байқау өтті.
Жас дарындылар өз еңбегінде мұғалім мамандығының маңызы және жас ұрпақ тәрбиесінде ұстаз рөл, педагог қауымына деген алғыс пен құрметін боя тілімен жеткізді. Шығармашылық байқауға 7-12 сынып оқушылары қатысты. Балалар өз жұмыстарында бейнелеу өнерінің түрлі техникасын пайдалана отырып, кез келген материалы қолданды.

Жеңімпаздар инстаграм әлеуметтік желісіндегі сайыстың ресми парақшасында лайк саны бойынша анықталды.
Нәтижесінде 7 сынып арасында үздік жұмыстың авторы болып Надира Атымтай деп танылып, ІІ орын Бегайым Қаленқызына бұйырды. Ал ІІІ орынды Дара Сақтапбергеннің картиналары иеленді.
Орта санатта 9 сынып оқушысы Айжан Жәлелдің жұмысы көп лайк жинаса, ІІ және ІІІ орындарға сегізінші сынып оқушылары Жансая Боранбаева мен Саягүл Өмірбек лайықты деп танылды.
Сонымен қатар жоғары сыныптар арасында Толғанай Жағыпар жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыстың ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарын 10 сынып оқушысы Дильназ Романқұл мен 11сынып оқушысы Ләззат Өтеп бөлісті.