» » Қолдан жасалған қару тәркіленді

Қолдан жасалған қару тәркіленді

Қызылорда облысы Полиця департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне хабарлама түсті. Аудан тұрғынынан түскен хабарламада жеке үйлердің бірінің алдында тұрған автокөлік ішінде күдік тудыратын заттың бар екендігі хабарланған.
Көрсетілген мекен-жайға полицейлер бірден барып, жедел тексеру нәтижесінде автокөліктің алдыңғы сол жақ есігінен және артқы орындықтың астынан қолдан жасалған қаруға ұқсас екі бөліктен тұратын, бір-біріне құрамдас бөліктерімен киілетін зат алынды. Күдікті ұсталды.
Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі
Сәбит Арыновтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 – бабының 3 – бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталып, қаруды заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
27 қазан 2020 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930