Аралдық тұрғын есірткімен ұсталды

Тексеру жұмыстары барысында автокөліктің артқы салонынан ерекше иісі бар 2 дана полиэтилен пакет және газетке оралған ерекше иісі бар шөпке ұқсас зат алынған. Сараптама қорытындысы негізінде оның 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.
– Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, — деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі