Дабыл аспабын қағушылар арасында сайыс өтті

Байқаудың ұйымдастырушысы – Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.
Байқауға 20 команда қатысты. Қатысушылар марштық ансамбльдері өз көрсетілімдерінде саптық элементтер бағдарламасын және барабанда ойнауды сапалы орындауға тырысты. Әр команданың өзіндік ерекше стилі болды. Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес барлық қатысушылар жеңімпаз атанды. Дабыл қағушылардың үздік ансамбльдері деп Сырдария ауданының №№139, 42, 130, 210, 37 орта мектептері атанды. Байқауға қатысушыларға марш барабандары мен дипломдар табыс етіледі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі