» » Черлидингтен сайыс өтті

Черлидингтен сайыс өтті

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы наурыз айында черлидинг спорттық би түрінен сайыс ұйымдастырды. Айта кетейік, аталмыш жарыс түрінен байқау биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Нәтижесі бойынша 22 оқу орны ынталығы үшін марапатталып, алғыс хат иегерлері атанды.
Аты айтып тұрғандай, черлидинг ерекше сайыс. Жарыстың бұл түрі әсіресе Қазақстан бойынша Алматы қаласында кеңінен таралған. Алайда облыс бойынша тек аталмыш басқарма ғана сайыстың осы түрінен байқау өткізеді. Бұған тек қала оқушылары ғана емес, облыстан да қатысады. Биылғы черлидингтің бағалау сыйлықтарын Шиелі ауданы №127 мектеп-лицей, Арал ауданы №262 мектеп-гимназия, Арал ауданы №13 орта мектеп, Арал ауданы №220 орта мектеп, Шиелі ауданы №50 орта мектеп, Қызылорда қаласы, Мұрагер мектебі, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі, Сырдария ауданы №131 орта мектеп, Арал ауданы №14 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы №278 орта мектеп, Қармақшы ауданы №269 орта мектеп, Болашақ университетінің колледжі иеленді.
Ал аумақтық жеңімпаздар қатарында Қызылорда қаласы №222 орта мектеп, Сырдария ауданы №36 орта мектеп, Қармақшы ауданы №273 орта мектептер бар. Шиелі ауданы №48 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №52 орта мектеп, Арал ауданы №83 орта мектептері болса, облыс жеңімпаздары атанды.
Жансая Жүнісова
27 мамыр 2019 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031