» » «САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ

«САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ

Қаланың озық жастарына "Самғау" жастар сыйлығы табысталады.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мәлімдеді. Қызылорда қаласының жастарына арналған "Самғау" сыйлығы 8 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
"Самғау" сыйлығына құжат қабылдау 2-23 қараша аралығында жүргізіледі. Ереже талаптарына сәйкес сыйлыққа үміткер ретінде 14 пен 28 жас аралығындағы Қызылорда қаласының қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.
– «Самғау» жастар сыйлығы – 10 аталым бойынша, яғни білім мен ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндіріс салаларында табысты еңбек етіп, өз саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп жүрген және ерен еріктілік танытып, бейбіт күнде батырға тән ерлік көрсеткен жастарға табысталады. Сонымен қатар қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеяларына басымдық беріліп, жаңашыл бастамалары есепке алынады, – деді қала әкімнің орынбасары А.Есжанов.
Айта кетейік, қатысушының жетістіктері соңғы 3 жыл көлемінде болуы шарт және осы сыйлыққа деңгейлес байқауларда жеңімпаз атанған азаматтар қатыстырылмайды.
05 қараша 2020 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930