» » » «Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

«Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Елімізде ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталды.
«Байқауды ұйымдастыру мен өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 24 қарашасында Жарғыға өзгертулер енгізілді. 2018 жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді. «Алтын сапа» байқауына жаңадан ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді», - деді «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі Ләззат Рамазанова ОҚҚ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, биыл «Алтын сапа» сыйлығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт аталым бойынша табысталады:
«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
«Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
«Азық-түлік тауарлары немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».
Осы орайда Ләззат Рамазанова комиссия құрамының өзгергенін атап өтті.
«Комиссияның құрамы да өзгерді. Ауыл шаруашылығы өнімі мен қайта өңдейтін тағам өнеркәсібі заңды тұлғалар бірлестіктерінен бір-бірден енгізілді. Сонымен қатар, байқауға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру шарасы ретінде «Алтын сапа» сыйлығының әр лауреатына 1 млн теңге сыйақы беріледі. Бұл сыйақы халықаралық байқауға қатысуға себепші болады», - деді хатшылық жетекшісі.
Биыл «Алтын сапа» байқауы 4 кезеңнен тұрады. Финалға жолдама алған кәсіпорындарды сарапшылар арнайы тексереді.
Сонымен қатар брифингте «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өткізілу тәртібі жайында айтып берді.
«Көрме-байқауының өңірлік кеңестерінде қаржыландыру көзі облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдіктеріне бекітілді. Жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды, себебі жеңімпаз болған тауарлар түрлі тауар тобына жатады. Үш аталымда үш жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар, байқаудың қосымша кезеңінде қоғамдық онлайн дауыс беру енгізіледі. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша онлайн-дауыс беруге 27 финалдық қатысушы анықталады», – деп хабарлады Салтанат Әбдікәрімова.
Айта кетейік, биыл «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы Астанада 12-13 қазанда «Көрме» орталығында өтеді. Тиісінше өңірлік көрме-байқаулар мамыр-шілде айлары аралығында ұйымастырылады.
Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада Байқауларға қатысушылардың материалдарын рәсiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.
Байқаулар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.
20 ақпан 2018 ж. 1 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031