» » "Самғау" сыйлығын кімдер алды?

"Самғау" сыйлығын кімдер алды?

Кеше қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Жастар балы» өтіп, шара барысында 10 белсенді жасқа «Самғау» сыйлығы және 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.
Олар:
АҚТІЛЕК ТЕМІРБАЙҰЛЫ
қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының IT-аймақ жобасының үйлестірушісі, IT саласы бойынша 150 жасты тәрбиелеп отырған жас маман.
МАХАМБЕТОВА АЙДАНА
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ мемлекеттік тіл оқытушысы. «Латын әліпбиіне көшу-әлемдік қауымдастықпен сәтті диалог» тақырыбындағы Республикалық ақпараттық сессия жұмысына белсене қатысып, ғылым жолындағы ізденістері үшін республикалық деңгейдегі арнайы алғыс хаттарымен марапатталған.
БАЙДҮЙСЕНОВА АЛЬБИНА
облыстық «Qyzylorda» телеарнасының редактор-жүргізушісі. «ЖасСтар» бағдарламасының жүргізушісі. Жастар саясаты саласындағы жұмыстарды ақпараттандыруда өзіндік үлесін қосып келеді.
МЕҢДІБАЙ ТАЛҒАТ
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Аймағымыздағы жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы «Кітап құрттары» қозғалысының жетекшісі.
АЛИКУЛОВ АДИЛ
«Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» Қоғамдық қоры президенті. Аймақтағы мемлекеттік жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы және қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
КАКАРМАНОВА АСЕМ
«Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының консультанты.
Аймағымыздағы мемлекеттік жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған. Еріктілерді дамыту бойынша сертификатталған тренер маман.
БАҚБЕРГЕН ҚОЛҒАНАТ
«Болашақ» университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті.
Қазақстан Республикасының 5-ші паралимпиада ойындарының жеңіл атлетикадан І орын, Қазақстан Республикасы чемпионатында ұзындыққа секіруден І орын иегері атанған.
НҰРТАЗА МЕЙРАМБЕК
А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің «Мерке Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының көркемдік жетекшісі.
2019 жылы «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты мәдени-үгіт баригадаларының облыстық байқау жеңімпазы. «Қызылорда қаласы 200 жылдық» мерекелік медалінің иегері.
ӘБЖАППАРОВ ОЛЖАС
Қызылорда «Болашақ» университетінің студенті.
Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт түрінен бірнеше дүркін жеңімпазы. «I Love you Qyzylorda» диджей fest жастар кешін жобалық үйлестірушісі.
КАРБОЗ ЖАНСАЯ
Қазақ–Британ техникалық университетінің студенті. Мәскеуде өткен қоршаған ортаны қорғау проблемасы туралы «Адам-Жер-Ғарыш» атты бүкілресейлік жиырмасыншы ғылыми жобалар олимпиадасының І орынымен, Ресейде өткен «Созвездие» Бүкләлемдік олимпиадасының алтын медаль иегері.

Шара "Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі" КММ тапсырысы негізінде «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.


26 желтоқсан 2019 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031