Әлемдегі ең кішкентай автокөліктер

Tata деп аталатын үнді компаниясы жақында ауа қысымының күшімен жүретін сериялы Tata AIRPOD көліктерін шығаратынын мәлімдеді. Яғни бұл көліктер көлемі 175 литрлік қоймада сақталатын сығылған ауаның көмегімен қозғалатын болады. Бұл максималды жылдамдық 70км/сағ-пен жүргенде 200 километр қашықтыққа жетуі тиіс.
ЕСО-Е – Заманауи электркөліктері көбінесе жанармайлы немесе дизельді аналогтарына қарағанда қымбатырақ болып жатады. Алайда, бұл жүйе көп кешікпей ескіруі мүмкін. Себебі жақында жаппай сатылымға Eco-E көлігі шығарылмақ. Оның жылдамдығы – сағатына 40 шақырым. Ол толық зарядта 65 километр қашықтықты бағындырады. Соған қарамастан, оның бағасы бар болғаны– 9995 доллар.