» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ЖӘНЕ ЕҢ АРЗАН МАШИНА

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ЖӘНЕ ЕҢ АРЗАН МАШИНА


Жақында Ұлыбританияда әйгілі Ferrari брендінің 250 GTO индексімен шығарылған әлемдегі ең қымбат спорткөлігі сатылымға шықты. 1962 жылы жарық көрген көлік 45 миллион фунт стерлингке, яғни 65 миллион долларға сатылмақ.
Біздіңше құны – 21112334763.95 теңге.
Бұл үлгі қуаттылығы 300 ат күшіне тең V12 қозғалтқышымен жабдықталған. Көліктің шыққанына 50 жыл өтсе де, ол 6 секунд ішінде сағатына 100 шақырым қашықтықта жүре алады. Ең үлкен жылдамдығы сағатына 270 километрді қамтиды.
Автокөлік «Себрингтің 12 сағаты» марафонына қатысып, өзінің санатында жеңіске жеткен. Ал жалпы есепте екінші орын иеленген. Сонымен қатар «Ле-Мана 24 сағаты» жарысында алтыншы орынды еншілеген.
Бұрын әлемдегі ең қымбат автокөлік 1963 жылы шыққан Ferrari 250 GTO көлігі еді. Дегенмен, ол 2013 жылы 52 миллион долларға сатылды.

Үндістанның мототехника шығарумен айналысатын Bajaj компаниясы әлемдегі ең арзан көлік құралын таныстырды. Bajaj Qute қозғалтқышының көлемі небәрі 217 куб сантиметр. Ең арзан көліктің бағасы – 2000 АҚШ доллар. Bajaj Qute қуаты 13 ат күшін құрайтын қозғалтқышпен, 5 сатылы беріліс коробкасымен жабдықталған. Оның ең көп жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайды. Бұл көлік 100 шақырымға 3 литр бензин жағады. 8 литр бензинмен 250 шақырым жүруге болады.
25 қаңтар 2018 ж. 2 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930