» » » Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон таныстырылды

Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон таныстырылды

Kickstarter платформасында жаңа Zanco Tiny T1 жобасы пайда болды. Ол әлемдегі ең кішкентай ұялы телефондарды шығаруға қаржы жинайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

HypeBeast порталы Zanco Tiny T1 жобасы аясында шығарылған гаджеттің таныстырылымы түсірілген видеоны көрсетті. Телефонды Clubit New Media, Ltd компаниясы әзірледі. Оның ұзындығы - 47 миллиметр. Tiny T1 телефонына 300 адамның нөмірін, 50 хабарлама және соңғы 500 қоңырауды сақтауға болады. Онда оп-оңай қоңырау шалып, хабарлама жолдау мүмкіндігі бар. Телефонға nano-SIM салынады. Сондай-ақ байланыс құралы OLED-дисплеймен жабдықталған. Кішкентай телефон 13 дыбыстық тапсырманы орындайды. Ал батарейкасы үш күнге дейін жетеді.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031